Қорғаныс министрінің Қызылордаға сапары

28

0

Өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбетпен бірге аймақтағы әскери бөлімдер және мекемелердегі техникалардың жай-күйі, қызметшілердің жағдайы, жауынгерлік әзірлігі, жеке құрамның қызмет барысымен танысты. Қызылорда қаласында орналасқан №99215 әскери бөлімі аумақтық қорғаныс бригадасындағы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылған инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын көріп, алдағы жоспарларды тыңдады.

Сонымен қатар, №66597 әскери бөлі­мінде борышын өтеп жүрген сар­баздармен кездесті. Казармалар мен санитарлық аймақтардың жай-күйіне, тамақ сапасы мен сарбаздардың қызмет өткеру барысындағы әскери тәртібі мен тұрмыстық жағдайына назар аударды.

Қорғаныс министрі облыстық қор­ғаныс істері жөніндегі департамент база­сында құқық қорғау және әскери құрылым басшыларымен кездесті. Департамент бастығының есебін тыңдап, «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ облыстық фи­лиа­лының төрағасы М.Ршауов, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүге­дек­терінің кеңесі» ҚБ төрағасы Ж.Оспановпен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бағытында пікір алмасты.