Қорқыт ата университетінде «Прокурорлық қадағалау» дәрісханасы мен коворкинг орталығы ашылды

12

0

Фото: Amanat Қызылорда облысы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қызылорда облыстық прокуратурасымен бірлесіп «Прокурорлық қадағалау» дәрісханасы мен коворкинг орталығының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

Іс-шараға Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров, Бас прокуратураның кадрлық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Қанат Жұбатыров, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, прокуратура өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай дәрісхананың ашылуы білім беру мен құқық қорғау салалары арасындағы өзара байланысты нығайтатын маңызды қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол партияның азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықтық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарына тоқталды.

«Партия үшін құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту – басты басымдықтардың бірі. Бұл бағытта біз ең алдымен азаматтардың құқықтарының қорғалуы мен құқықтық нормалардың сақталуына мән береміз. ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттарымыз да осы заңдылықтарды нығайту бағытында үлкен жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, партия филиалдары өз қызметінде партиялық бақылау комиссиялары арқылы жергілікті деңгейде заңдардың орындалуын қатаң қадағалауда», – деді Жандос Базартай.

Ол азаматтарға құқықтық қолдау көрсетуге арналған «Құқықтық көмек» жобасын атап өтті. Жобаның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, тегін заңгерлік кеңестер беру, заңсыз әрекеттердің алдын алу және мүгедектер санатына жататын тұлғаларға заңгерлік сүйемелдеу көрсету. Өткен жылы жоба аясында 46 тақырыптық қабылдау өткізіліп, 227 тұрғынға кеңестер берілді, 21 адамға нақты көмек көрсетіліп, 15 тұрғынға құқықтық сүйемелдеу жүргізілді.

Қорқыт ата университетінде «Прокурорлық қадағалау» дәрісханасы мен коворкинг орталығы ашылды

Сонымен қатар, «Жер аманаты» жобасы аясында заңсыз пайдаланылған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып, оларды шынайы шаруа қожалықтарына беру жұмыстары жүргізілуде.

Жандос Базартайдың сөзінше, аталған жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында партия облыстық прокуратура және тиісті құрылымдармен меморандумға отырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Бүгінгі ашылған дәрісхана осы әріптестіктің логикалық жалғасы болып, студенттер үшін кәсіби көзқарас қалыптастыратын және практикалық білім беретін маңызды алаңға айналады.

Салтанатты рәсім барысында жаңа дәрісхананың лентасы қиылып, дәрісхананың ашылуына үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды.