Қоршаған ортаны қорғау әр адамның парызы

412

0

Фото: ашық дереккөз

Табиғат ананы аялау әр адамның парызы. Десе де қоршаған ортаның тазалығына салғырт қарайтындар, кез келген жерге қоқыс тастайтындар да жоқ емес. Экология мәселесі дүниежүзі бойынша өзекті болып тұр. Қоршаған ортаны қорғау күніне орай өткен брифингте осы тақырып аясында сөз болды.

Облыстық экология департаменті 12 субьектіге бақылау шарасын ұйымдастырды. Оның ішінде 4 субьектіге профилактикалық бақылау және 8 субьектіге жоспардан тыс тексеру жүргізген.

– Анықталған заң бұзушылық бои ынша әкімшілік іс қозғалып, жеке және заңды заңды тұлғаларға 8,8 млн теңге көлемінде 19 аи ыппұл салынды. 7,2 млн теңге көлемінде 15 әкімшілік аи ыппұл өндірілді. Қр Экология және табиғи ресурстар министрлігі және «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ арасында қалдық орналасқан жерлерді қашықтықтан зондтаудың ғарықшық түсірілім қызметін көрсетуге келісім-шарт жасалған. Содан бері қала маңындағы 50 шақырым белдеуден орналасқан беи -берекет қалдық орындарын жою көзделген. Өткен жылы жасалған ғарыштық мониторинг нәтижесінде 74 рұқсатсыз қалдық орны анықталып, 100% жои ылды. Бүгінде рұқсатсыз тасталған қалдықтардың орындары жыл саи ын азаюда, – деді Әлішер Әмірбекұлы.

Облыстық экология департаменті 12 субьектіге бақылау шарасын ұйымдастырды. Оның ішінде 4 субьектіге профилактикалық бақылау және 8 субьектіге жоспардан тыс тексеру жүргізген.

– Қоршаған ортаны корғау бағытында маңызы істердің бірі – тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмысты тиімді жүргізу. Биылғы жылдың 1 токсанында облыс бойынша жинақталған 75 762 тонна тұрмыстык қатты қалдықтың 21 270 тоннасы өнделіп, пайыздық үлесі 28-ді құрады. Бұған қоса Сырдария ауданындағы сұрыптау кешені мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуға биыл облыстық бюджеттен 475,5 млн теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекемемен құрылыс жұмыстары басталды, – деді облыстық табиғи ресурстар табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орынбасары Мәріп Шәріпұлы.

Назерке НҰРХАН,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда

университетінің 1курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<