Қостанай облысында әкім асылып өлді

428

0

Сурет: ашық дереккөз

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды. Бұл туралы БАҚ хабарлады.

Кейінірек облыстық полиция полиция департаментінің баспасөз қызметі мұны растады.

«Ұзынкөл ауданындағы үйдің ауласында ер адамның мәйітін табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Жүргізілетін тергеу шеңберінде ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<