Қостанай облысында бөгеттің бұзылатыны туралы жалған ақпарат тарады

521

0

Фото: khabar.kz

Белгісіз біреу аудио хабарлама арқылы Қаратомар су қоймасындағы ағын секундына 4800 текше метрге дейін ұлғаяды дей келе, су бөгетінің бұзылу қаупі барын айтқан. Ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Су бөгетінің бұзылатыны туралы деректі Тобыл-Торғай инспекциясының қызметкерлері жоққа шығарды.

«Мессенджерлер чаттарында алдағы уақытта ағызылатын су мөлшері секундына 4800 текше метрге дейін артуы және Қаратомар су қоймасы бөгетінің бұзылу қаупі туралы аудио ақпарат таралуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта су ағыны секундына 3300 текше метр», – деп түсіндірді қызметкерлер.

Айта кетсек, Қостанайда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. 

Одан бөлек, бүгін Қостанай облысының 4 ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді. 

Еске сала кетейік, Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған еді. 

Сондай-ақ, Қостанайда тасқыннан зардап шеккен әр адамға 100 мың теңгеден өтемақы төлене бастады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<