Қостанай облысында екі қыз өзенге батып кетті

364

0

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қостанай облысында екі жасөспірім суға батып кетті.

Қайғылы жағдай Федоров ауданының Кенерал ауылында болған. Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз, жабдықталмаған жерде шомылған.

Құтқарушылар Үй өзенінен бір қыздың жансыз денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды.

ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<