Қостанай өңіріндегі орманға қасақана от қойылуы мүмкін (видео)

562

0

Төтенше жағдайлар министрі мұны жоққа шығармады. Бірақ жалын абайсызда адами фактордан туындауы ықтимал, деп хабарлайды «Хабар 24».

Юрий Ильиннің айтуынша, өрттің шығуына қатысты бірнеше болжам бар. Тек найзағай ойнап, жай түспегені анық. Қазір аймақта ахуал күрделі, дегенмен тұрақталып келеді. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Сақтық үшін тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Тау бөктеріндегі ашық өрт те сөндірілді. Енді орманның төменгі бөлігіндегі оттың бетін қайтаруға күш салынып жатыр. Бұған 1400 адам мен 190 техника жұмылған. 7 тікұшақ әуеден қолдау көрсетуде. Айта кетейік, орман алқабы 107 мың гектарға созылып жатыр. Оның 43 мыңын от шарпыған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<