Қосымша жер дайындау жұмыстары қарқынды жүруде

601

0

Ағымдағы жылдың 18 сәуір күні облыстық ауыл шаруашылығы және жер басқарма басшысының орынбасары Қайратбек Сәрсенбаев Шиелі мен Жаңақорған аудандарына жұмыс барысымен барды.

Іс-сапар барысында жергілікті тұрғындарды өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету үшін қосымша жер дайындау жұмыстарымен танысты.

Қайратбек Әубәкірұлы Шиелі ауданындағы Иіркөл, Ақтоған, Алмалы және Қоғалы ауылдық округтерінде болып, жаңадан ашылған жеке тұрғындар есебінен егілетін картоп, көкөніс, бақша дақылдарын егу жұмыстарымен танысты. Бүгінде дайындалған жерлерге егіс науқаны басталып, 5,9 гектар жерге көкөніс, 20,7 гектарға бақша дақылдары егілген.

Айта кету қажет, Қоғалы ауылдық округінде барлығы 180 отбасы болатын болса, оның 160 отбасы картоп, бақша егу жұмыстарымен айналысуда. Сондай-ақ, 4 жер учаскесі анықталып, 4 насос қондырғылары орнатылып, бақша дақылдарын егуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Одан әрі, Жаңақорған ауданында бірқатар ауылдық округтерді аралады. Аудан бойынша барлығы 295 гектар қосымша жер дайындалып, 845 отбасына бөлігіп берілген.

Осы мүмкіндік арқылы Жайылма, Ордакент ауылдық округтерінде диқандар 40 гектар жерге қарбыз дақылдарын көшеттеп егу тәсілін қолдана отырып орналастырған.

Сонымен қатар, Кейден және Аққорған ауылдық округтерінде қосымша жер дайындалып, егісті суаруға қажетті насос қондырғылары, тұқымдар, егістікті қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес атқарылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<