Қосымша жүктемесі бар педагогтерге сауықтыру жәрдемақысы қалай есептеледі

335

0

Оқу-ағарту министрлігі еңбекақы төлеу әдістемесі басқармасының басшысы Гүлайым Тоқпанова қосымша жүктемесі бар педагогтерге сауқытыру жәрдемақысы қалай есептелетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұрын да айтақымдай сауықтыру жәрдемақысы лауазымды айлық мөлшерінде белгіленген. Штаттағы қызметкерлердің лауазымды айлығы нақты бекітілген. Нормативтік оқу жүктемесі белгіленген педагогтердің лауазымдық айлығын есептеу кезінде еңбек демалысына шыққан кезде қандай жүктемемен жұмыс істеп келгені есепке алынады. Бос жұмыс орындары боуына байланысты, басқа да себептермен қосымша жүктеме алатын педагогтер өте көп. Олардың қосымша жүктемесінің шарттары әр түрлі. Қосымша жүктеме лауазымдарды қатар атқару шартымен алынған жағдайда сауықтыру жәрдемақысы төленбейді. Өйткені лауазымдарды қатар атқарғаны үшін үстемеақы қарастырылған», – деді ол.

Басқарма басшысы қосымша жүктемені толық емес жұмыс күні шартымен жүктеме алған педагогтердің құқығын түсіндірді.

«Ал қосымша жүктемені толық емес жұмыс күні шартымен алған педагогтер заң бойынша жеке еңбек келісімшартын рәсімдеуі керек. Сәйкесінше еңбекақы да негізгі келісімшарт бойынша және толық емес жұмыс күні шарты бойынша жеке-жеке төленеді. Ондай педагогтер сауықтыру жәрдемақысын негізгі жұмыс орны бойынша бөлек, толық емес жұмыс күні шарты бойынша бөлек алады», – деді Гүлайым Тоқпанова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<