Павлодар облысының әкімі Айдос Шаймерденнің отбасына көңіл айтты

651

0

Фото: https://t.me/AsaiynBaikhan

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Майқайыңда алтын кенішіндегі ойықтан қазып алынған марқұм Айдос Шаймерденнің отбасына көңіл айтты.

Ал 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесін құтқарушылар жақын арада табады деп үміттенетінін жеткізді.

«Бүгін іздестіру жұмыстары тұрақты негізде аздаған үзілістермен жүргізілген «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде екі құтқарушының бірінің денесі табылды. Павлодар облысының ТЖД күшімен құтқарушының мүрдесі жер бетіне көтеріліп, жедел-тергеу тобына берілді.

Табылған жетон мен киімінен құтқарушылар взводы командирінің 36 жастағы орынбасары Айдос Шаймерденнің денесі табылғаны анықталды.

Айдостың ата-анасына, оның жұбайы Нұрсұлуға, сондай-ақ, туыстары мен жақындарына көңіл айтамын» деп жазды Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов телеграмдағы парақшасында.

Облыс әкімі атап өткендей, апаттың алғашқы күні екі құтқарушының – Сарқыт Берліқан мен Олег Тышкевичтің денелері табылған болатын.

«Өкінішке орай, 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Біз бәріміз жақын арада іздестіру жұмыстары өз нәтижесін береді деп үміттенеміз», – деді өңір басшысы.

Еске сала кетейік, арада 6 жарым ай өткенде Майқайыңдағы алтын кенішінде үшінші құтқарушының мүрдесі табылды.

Марқұм Айдос Шаймерденнің денесі 70 метр тереңдіктен қазып алынған

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<