Қожабақылық түлектердің туған жерге тартуы

954

0

Қожабақы ауылындағы №25 мектепті 1992 жылы бітірген түлектер туған жерге тағзым етіп, игілікті іске ұйытқы болды. Алтын ұядан түлеп ұшқандарына 30 жыл болған қожабақылықтар ауыл паспортына жөндеу жүргізіп, ерекше кейіпке ендірді. Айналасын қоршап, түнгі жарықшамдар орнатты. Жарықшам электр энергиясын қажет етпейді. Заманауи технологиялардың көмегімен күннен энергия алады.
Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев қожабақылық түлектермен кездесіп, туған жерді ұмытпай жүргендері үшін ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ игілікті іске ұйытқы болған түлектердің бұл жұмысы көпке үлгі-өнеге болатын атап өтті.
Кездесу кезінде ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілек Махамашов пен түлектердің ұстаздары да игі тілектерін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<