ҚПЛ: «Қайсар» өз алаңында «Жеңістен» басым түсті

338

0

Фото: kazfootball.kz

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы турының алғашқы ойын күнін «Қайсар» мен «Жеңіс» түйіндеді.

Биылғы біріншілікте қос команда сәтсіз ойын көрсетіп келеді. Салдарынан турнир кестесінде төменгі орындардың бірін місе тұтты. Қазір «Жеңіс» 10-орынға жайғасса, «Қайсар» 11-орында тұр.

Соңғы алты ойында елордалық клуб бесеуінде қарсыластарына есе жіберсе, біреуінде жеңіске жетті.

Ал қызылордалық ұжым соңғы төрт кездесуінде бірде-бір мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ. Біреуінде үш ұпай олжаласа, қалғанында тең нәтижеге қанағат білдірді.

Сондықтан бүгінгі кездесуде командалар турнир кестесіндегі жағдайын жақсарту үшін күш салатыны анық еді. Алғашқы минуттан қарсыластар бір-бірінің қақпасы маңында шабуыл ұйымдастырды.

Қызылордалық клуб сапынан Руслан Юденков соққан жалғыз гол ойын тағдырын шешті.

Осылайша «Қайсар» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Енді аталған турда 19 мамырда «Шахтер» мен «Тобыл», «Жетісу» мен «Қызылжар», «Елімай» мен «Қайрат» кездеседі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<