ҚҚС: Мөлшерлемені 10% деңгейінде белгілеу ұсынылды

385

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қазақстан Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Салық кодексінің жобасына қатысты Үкіметтің жаңа бастаманы талқылаған Мәжілісте ҚР Салық кодексіндегі түзетулерді таныстырды, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Спикер Үкіметтің ҚҚС бойынша сараланған мөлшерлеме енгізуді ұсынып отырғанын атап өтті. Жалпы белгіленген мөлшерлеме 16%-ды құрайды. Бұл – базалық мөлшерлеме. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен үшін ҚҚС-тан толық босату көзделмек. Бұл ретте ҰЭМ өз еркімен есепке алу құқығын сақтап қалады, яғни егер салық төлеуші ҚҚС төлегісі келсе, онда оған бұл құқық беріледі.

«Сондай-ақ 10% аралық мөлшерлеме қарастырылған. Парламентке түскен жобада бұл ставка Денсаулық сақтау саласына ұсынылды. Бұл ретте, бірқатар жұмыс сапарларында, бизнес кездесулерде және әртүрлі сайттардағы сауалнамалар аясында айтарлықтай жаңа ұсыныстар кездесті. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдеріне және тауарлардың басқа да санаттарына ҚҚС-ны төмендету бойынша бастамалар айтылды. Қазір бұл мәселелердің барлығы талқылау сатысында. Менің ойымша, Парламент Мәжілісіндегі бейінді топтың жұмысы аясында біз осы ұсыныстардың барлығын егжей-тегжейлі қарастырамыз», – деді Азамат Әмрин.

Мәжіліс таратқан ақпаратта «Туризмді дамытуды ынталандыру үшін, IT, креативті индустрия, азық-түлік өндірісі сияқты бірқатар басқа салалар үшін 10% аралық мөлшерлеме қарастырылады» делінген.