ҚР Денсаулық сақтау министрі Шиелі ауданына жұмыс сапарымен келді

1346

0

Фото: Шиелі ауданы

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы жұмыс сапары барысында алдымен Ақтоған ауылдық округіндегі жаңа дәрігерлік амбулаторияға барып, қызметкерлерімен және ем алушылармен тілдесті. Ауыл тұрғындары жаңадан бой көтерген нысанда ем алушыларға барлық жағдай жасалғандығын айтып, алғыс білдірді.

Келесі кезекте Ақмарал Шәріпбайқызы Бестам ауылдық округінде бой көтеріп жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарымен танысып, ауыл ақсақалдарының ұсыныс-пікірін тыңдады. Аталған ауылдағы медициналық нысан 2004 жылы салынған ескі ғимарат болатын. Тындырымды тірліктер нәтижесінде биыл маусым айында ауылда жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Іс-сапар барысында Денсаулық сақтау министрі «Ауылдық денсаулық сақтауды модернизациялау» ұлттық пилоттық жобасы аясында аудан орталығынан бой көтеретін жобалық құны 2 млрд. 311 млн. теңгені құрайтын 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылыс алаңына барып, «Дәнекер құрылыс компаниясы» ЖШС мердігер мекемесінің өкілдеріне жұмысты, сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, аудандық көп бейінді орталық ауруханасы жанынан салынатын қосымша блоктың жобасымен танысты. Бұл ғимаратта ангиограф, томограф аппараттары орналасатын болады.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<