ҚР Энергетика вице-министрі өңірімізге іс-сапармен келді

171

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысына ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов келді. Өңірімізге іс-сапар барысында вице-министр мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту бойынша мәжіліс өткізіп, өңіріміздің бірқатар өзекті мәселелерінің шешілу жолына үңілді. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан туындаған түрлі сұрақтарға тұшымды жауап берді.

Өз баяндамасында аймақтың отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайы туралы сондай-ақ газ инфрақұрылымын іске асыру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және халықты мұнай өнімдерімен және сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету сынды мәселелердің маңызын ашып берді. Келелі кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев қатысып, бұл жиынның мәні мен маңызы зор екендігін атап өтті. Жиында сөз алған вице-министр айтылған мәселелерді уақытылы шешу үшін бар күшін салатынын айтты. Сондай-ақ тұрғындардың талап-тілегі “Е-өтініш” электрондық жүйесі арқылы ескерілетінін жеткізді.

«Айтылған барлық мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында екеніне Сіздерді сендіргім келеді. Біз осы міндеттерді толық және уақытылы шешу үшін бар күшімізді саламыз. Сонымен қатар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Е-өтініш» электрондық жүйесі құрылғанын атап өткім келеді. Бұл азаматтардың барлық өтініштерін қабылдаудың және өңдеудің бірыңғай платформасы болып табылады.Сондықтан туындаған мәселелер бойынша Сіздердің осы жүйе арқылы жүгінуге мүмкіндіктеріңіз бар», – деді Әлібек Жұмабекұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<