ҚР ОРК төраға орынбасары Сыр еліне жұмыс сапарымен келді

5

0

Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне қатысты 4 наурыз күні ҚР Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

Алдымен Мұхтар Ерман С.Ысқақов атындағы оқу ғимаратында орналасқан №207 УРК және Т.Есетов атындағы мектеп ғимаратындағы №264 УРК жұмысымен танысып, учаскелердің жабдықталуын бақылады.

М.Ерман учаскелік комисиия мүшелеріне референдум процесі ашық әрі әрбір азаматқа қолжетімді болу керектігін, мүгедектігі бар дауыс берушілердің құқығын сақтау маңызды міндет екенін қаперге салды.

Қызылорда қаласындағы №207 учаскеде 2617 дауыс беруші тіркелген, ал №264 учаскеде 2052 азамат дауыс беруге құқылы.

Айта кетейік, Қызылорда өңірінде 492 524 азамат тізімге енген. Аймақта 9 аумақтық, 378 учаскелік комиссия құрылған. Мұнда 2705 комиссия мүшесі қызмет атқаруда.