ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қайсар» футбол командасының ойыншыларымен кездесті

117

0

Фото: Сыр спорты

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев Қызылорда қаласының сол жағалауында бой көтерген құны 20,9 млрд теңгені құрайтын 11 мың орындық жаңа стадионның құрылыс алаңында аймақ басшысының бастамасымен тұңғыш рет легионерлерден бас тартқан «Қайсар» футбол клубының ойыншыларымен кездесті.

Кездесу барысында Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы клубты дамыту бағытында қолға алынған ауқымды жоспарларды айтып, қазақ балаларының жасыл алаңдағы мүмкіндіктерін баяндады. Одан бөлек, жаңа стадионның қазіргі құрылыс барысымен таныстырып өтті.

Бүгінде УЕФА стандарттарына сай салынып жатқан жаңа стадионның құрылысы 75 пайызға аяқталды. Сәйкесінше трибуналардың металл конструкциялары орнатылып, қабырғалар, ішкі бөлмелер мен сыртқы витраждар қаланды. Қазіргі таңда футбол алаңын жабдықтау, ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мұнда жасыл алаңнан бөлек, бокс, күрес, ауыр атлетика, футболшылардың жаттығу залдарымен, йога, гимнастика-акробатика, сауықтыру-денешынықтыру залдарымен қамтылатын болады.

Айта кетейік, қыркүйек айында халықаралық талапқа сай салынып жатқан жаңа стадионда Қазақстан Кубогының финалдық кездесуін өткізу жоспарланып отыр.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы