ҚР Президенті Кеңесшісінің Сыр өңіріне сапары

578

0

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Өңірге сапары аясында Мәлік Нұржанұлы бірқатар нысанның жұмысымен танысып, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті.

Аймақ басшысымен кездесуде облыстың әлеуметік-экономикалық дамуы, оның ішінде ақпараттық саясатты жүзеге асыру мен өзге де әлеуметтік мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысының кеңесшісі Қызылорда облысының басты медиахолдингі – «Сыр медиа» ЖШС жұмысымен танысып, БАҚ өкілдерімен кездесті. Журналистермен елдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалардың бағыт-бағдары туралы пікір алмасты.

Әрі қарай Мәлік Отарбаев Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасын аралап, шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен пікірлесті.

Бұдан әрі Президент кеңесшісі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ғалымдарының ізденістерін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын көрді, оқу орны музейін тамашалайды. Мұнан бөлек, кеңесшінің сапар бағдарламасында облыстық «Жастар ресурстық орталығы», «Достық үйі» және облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысу бар.

Ертең ҚР Президентінің кеңесшісі аудандарды аралап, ауыл тұрғындарымен кездеседі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<