Қызылорда облысының екі тұрғыны заңсыз аң аулауға шығып, киіктерді автокөлікпен қуып, жануарлар табынына оқ атқан, деп хабарлады Syrboyi.kz.
Олардың көлігін табиғатты қорғау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының инспекторлары тоқтатқанда, көлік ішінде 30-дан астам киік еті, 5 киік басы барын анықтаған.
Сараптама қорытындысына сай, олар мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтірген.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қару-жарақ пен көлікті қолдана отырып, айтарлықтай зиян келтіріп, жануарларды заңсыз аулады деп айыпталған екі адамға қатысы қылмыстық істі қарап (ҚК-нің 337-бабы, 6-бөлігі, 2-тармағы), олардың қылмыстық іс-әрекеттерінің құжаттармен расталғанын көрсетті.
Сотталушылар мемлекетке 3 млн теңге қайтарған.
Бір сотталушының жазасын ауырлататын жазасы оның ішкі істер органдары қызметкері ретінде антын бұзып, құқық бұзушылық жасағаны болып отыр.
Сот сотталушыларды ҚК-нің 337-бабы, 6-бөлігі, 2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танып, оларды 7 және 8 жылға аң аулау құқығынан айыра отырып, 6 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Олардан ортақтасқан тәртіпте 77 млн теңгеден астам материалдық шығын өндірілді. Қызылорда облыстық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<