Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында рейд ұйымдастырылуда

81

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың қатысуымен ауданда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңсыз жүруінің алдын алу, сондай-ақ жастар арасында құқықбұзушылыққа жол бермеу мақсатында арнайы рейдтік іс-шара ұйымдастырылуда.

Аталған рейдке құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ерікті жастардан құралған кезекші топтар тартылып, жауапты аумақтарға бекітілді.

Шара барысында қоғамдық орындар, мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтары бақылауға алынып, кәмелетке толмаған жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, жүйелі түрде жалғастыруды және қоғамдық тәртіпке ерекше мән беруді жауапты сала жетекшілеріне қатаң тапсырды.

Айта кетейік, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі