«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында кеңестер берілді

5

0

Фото: Amanat Қызылорда облысы

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Орталық» бастауыш партия ұйымында «Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында азаматтарға түрлі тақырыптарда кеңестер берілді.

2024 жылдың мамыр айынан бастау алған «Құқықтық көмек» партиялық жобасының мақсаты: азаматтардың құқықтық деңгейін арттыру, тегін заңгерлік кеңестер беру, заңсыздық әрекеттер орын алмаудың алдын-алу, заң талаптарына сәйкес мүгедектер санатына жататындарға заңгерлік сүймелдеумен көмектесу.

Жиында партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов жобаның мақсат міндеті мен жоба аясында атқарылған жұмыстарды атап өтті.

«2024 жылдың қорытындысымен облыс көлемінде «Құқықтық көмек» жобасы аясында өткізілген 123 қабылдауда 363 мәселе қаралып, 51тұрғынға жан-жақты кеңестер берілді, 37 тұрғынға заңгерлік сүйемелдеу жұмыстары жасалды. Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің нұсқауымен 2025 жылдан бастап «Құқықтық көмек» жобасының маңыздылығын арттыру, өткізілу форматын кеңейту, көбейту ұйғарылып, осы мақсатта жылға бекітілген жоспарға сәйкес аудандарда, шалғай елдімекендерде өткізілген мобильді қабылдауларды жүзеге асырған топтар құрамында заңгермен қатар медиатор, адвокат, басқа да құқық саласының мамандары болып, тұрғындарға жан-жақты түсіндірмелер, кеңестер берілген болса, осындай шаралар партияның ірі бастауыш ұйымдарында да өткізілді. 2025 жылы жоба аясында 42 тақырыптық қабылдау өткізіліп, 222 тұрғынға кеңестер берілді, 96 адамға сотқа талап арыз жазуына көмек көрсетілді, 14 тұрғынға құқықтық сүймелдеу жүргізілді» – деді Нұрлан Әбдікәрімов.

Ашық есік күнінің алғашқы бөлімінде бірқатар сала мамандарымен құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Екінші бөлімде арнайы мамандармен қабылдау ұйымдастырылып, азаматтардың өтініштері мен сұрақтары тыңдалды. Онда «Отбасы банкі» филиалы директорының орынбасары Дастан Тасыбаев, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ң облыстағы филиалының жетекші маманы Алтынай Байзақова, «Таза әлем» компаниясының директоры, кәсіби заңгер-медиатор Дулат Сағымбаев және облыстық еңбек инспекциясы департаментінің бөлім басшысы Мұрат Сүйеубаев қабылдау өткізіп, азаматтарға қолданыстағы заңнамалар аясында кеңес берді.