Құқықтық статистика – заңдылық кепілі

2808

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметінше, осы жылдың 6 айында департаментке барлығы 618 өтініш келіп түскен. «Олардың дені соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтамалар бойынша», – дейді мамандар. Сондай-ақ өзге мемлекеттік анықтамаларды egov.kz порталы немесе eGov мобильді қосымшасы арқылы іске асыруға мүмкіндік бар.

– Анықтаманы алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе телефон нөміріңізге келетін бір реттік құпия сөз арқылы өз сұрауыңызға қол қойып, жеке кабинетіңізде қол жетімді анықтаманы күтесіз. Мемлекеттік қызметті көрсету уақыты 10 минуттан 5 жұмыс күніне дейін екені ескертіледі. Анықтаманы электронды түрде «EgovKzBot» тelegram-боттың көмегімен де алуға болатының назарыңызға саламыз. Сондай-ақ, назар аудару қажет! http://xn--gov-qdd.kz/ порталында «бір өтініш» қағидаты бойынша шетелге шығу үшін апостиль қойылған қағаз түрінде соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама алуға өтініш беруге болады. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін «Ресми құжаттарды апостиль қою» мемлекеттік баж алынады, оны төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, құқықтық статистика органдары «Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы ақпаратты беру» мемлекеттік қызметін а.ж. ақпан айынан бастап жүзеге асыруда, адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді беру қағидаларына түсіндірме түзету енгізілді. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы барлық ақпараттық жүйеде тіркелген мәліметтер көрсетіледі. 2024 жылдың 6 айының қорытындысымен Комитеттің «Арнайы есептер» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы барлығы 164 мұрағаттық анықтама сұрату туралы сұраулар келіп түскен, оның ішінде 70 «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы және 94 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жолданған. Барлық жолданған 164 сұратулардың 81 тұлғалардың қуғын-сүргінге ұшырағандар кезеңінде болғандардың қатарына жатпауына, яғни 1940 жылдың 1 қаңтарында он алты жасқа толмауына және 66 мұрағатта мәліметтердің болмауына байланысты қанағаттандырусыз қалдырылған, – деді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің облыс бойынша департаменттің бөлім бастығы Естай Жукашев.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<