Құрметті зейнет демалысына шықты

298

0

Фото: Арал ауданы

Кеше Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жәнеқадағалау комитетінің Арал аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Алтынбек Манепұлын әріптестері құрметті зейнет демалысына шығарып салды.

Әбішев Алтынбек еңбек жолын 1977 жылы бастаған. 40 жылдан аса ауылшаруашылық саласында мінсіз қызмет атқарды.

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Алтынбек Манепұлын құрметті зейнет демалысына шығуымен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуі мен ауылшаруашылық саласындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді. Одан соң ауданның Құрмет грамотасымен марапаттап, қазақы дәстүрмен шапан жапты.

Өз кезегінде Алтынбек Манепұлы аудан әкіміне және бірге қызмет атқарған әріптестеріне зор алғыс білдіріп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<