Құрылыс бақылауда

55

0

Кеше облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов депутаттармен қала аумағындағы бірқатар құрылыс нысанын аралады.

Алдымен «Көрме орталығы» құрылыс алаңындағы жұмыс барысы тексерілді. Бұл көпфункционалды ғимаратта көрме, жәрмеңке, конференция және концерт өткізуге мүмкіндік бар. Экспозициялық кеңістігі кең және ашық форматта жобаланған, қажетіне қарай көрме құрылымдарын жылдам орнату және ауыстыруға жағдай жасалған. Нысан бір уақытта 215 адамды қабылдай алады.

«Достық үйі» жақын арада пайда­лануға берілмек. Ғимарат күннен қор­ғайтын сәндік панельдермен қапталған. Екінші және үшінші қабаттарда кең­селер, сондай-ақ холл, фойе, ресепшн, гардероб, 200 орындық үлкен зал, 60 орындық кофейня орна­ласады. Кон­ференц-зал заманауи техникалармен жабдықталады.

Цокольді қабатта би студиясы, музыка және вокал кабинеттері, клуб, қой­малар, архив және қосалқы бөлмелер қарас­тырылған. Бүгінде ішкі әрлеу және дизайнерлік безендіру, сондай-ақ сыртқы абаттандыру жүргізілуде. Жұ­­мыстың 95%-ы біткен. Құрылыс алаңында 7 техника және 135 жұмысшы еңбек етуде.

Сондай-ақ спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жобалардың бірі – сол жағалауда бой көтерген жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені. Құрылысына 2,9 млрд теңге қаралған нысан «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен салынуда. Кешенде бір мезетте 131 спортшы жаттыға алады. Бірінші қабатта волейбол, екінші қабатта күрес және басқа да залдар орналасады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі