Облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет жұмыс сапарымен Жаңақорған ауданында болып, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Алдымен бүгінде құрылысы толық аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілгелі жатқан №169 орта мектеп ғимаратының құрылысын көрді. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания басшыларына бірқатар сын – ескертпелер айтылып, қыркүйек айында толық жабдықтармен пайдалануға берілуі үшін жұмыстарды жеделдету тапсырылды.
Мұнан соң, басқарма басшысы Бірлік ауылындағы №55 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, мердігер компанияға қыркүйек айының соңына дейін жұмыстар аяқталу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің басшысына жөндеу жұмыстары аяқталғанша оқушыларды мектеп жанындағы екі ғимаратқа қауіпсіздікті сақтай отырып, кедергісіз оқытуды тапсырды.
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<