Құрылыс нысандарының сапасы тұрақты бақылауда

158

0

Фото: Шиелі ауданы

Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Көкшоқы мөлтек ауданында салынып жатқан «Руханият» орталығының құрылыс жұмысымен танысты.

Бақылау барысында аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы мердігер мекеме өкілдерімен туындаған кедергілерді шешу жолдарын қарастырып, құрылыс жұмыстарының сапасы жоғарғы деңгейде аяқталуы керектігін айтты.

Құрылыс нысандарының сапасы тұрақты бақылауда

Айта кетейік, «Руханият» орталығында музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар кеңесі, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдар орналасады.

«Руханият» орталығының құрылыс жұмыстары 04 сәуірде басталып кетті.

Бүгінде аталған құрылыс жұмыстарымен мердігер «СМП-КЫЗЫЛОРДА» ЖШС айналысуда. Нысан ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Құрылыс ұзақтығы 9 ай.
Жобалық құны: 1,6 млрд теңге

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<