Құрылыс сапасы қатаң бақылауда

423

0

Бүгін Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев Желтоқсан және В.Счастнов көшесіндегі модернизациядан өтіп жатқан көп қабатты үйлердің жұмысымен танысып, тұрғындарымен кездесті.

Аталған үйлердің төбесіндегі ескі шиферлары толықтай жаңартылады. Сондай-ақ, сыртқы сылағы да қайта сыланып, подьезд есіктері жаңа темір есікке ауыстырылады. Бұдан бөлек, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы арнайы техникалармен тегістеліп, тротуар жүргізіліп жатыр.

Құрылыс басына арнайы барған аудан басшысы тұрғындардың пікіріне құлақ түріп, өзгеде мәселелерін тыңдады. Сондай-ақ, мердігер мекемеге құрылыстың уақытылы әрі сапалы болуын қатаң тапсырды.

Мұнан соң аудан басшысы Т.Әубәкіров көшесінің асфальттау жұмыстарын көрді. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында толықтай жөндеу көріп жатқан көшенің жұмысын мердігер мекеме «Нұрас и К» ЖШС атқарып жатыр. Қазіргі таңда көшенің негізгі қабаты күшейтіліп, асфальт қабаты төселуде.

Құрылыстың сапалы болуын айтқан Мұхтар Әуесұлы бақылауды да назардан тыс қалдырмауды еске салды.

Қазалы ауданының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<