Құрылыс жұмыстары сапалы жүргізілуі қажет

311

0

Фото: Сырдария ауданы

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев ауданда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдерімен кездесті.

Кездесуде аудан басшысы құрылыс нысандары жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтау өте маңызды екенін ескертті.

– Ауданда әлеуметтік нысандардың, жол жөндеу, ауыз су құбырларын жаңарту, газдандыру, электр желілерін жаңғыртуға қатысты құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді басталатын құрылыстар да бар. Мердігер мекемелер осы жұмыстардың сапалы салынуына жауапты. Құрылыс жұмыстарында кемшіліктерге жол бермей, асқан жауапкершілік танытуларыңыз қажет. Өте сапалы салуды және мерзімінде аяқтауды қамтамасыз етіңіздер. Біздің тарапымыздан бұл жұмыстар тұрақты бақылауда, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Кездесу барысында әрбір құрылыс нысаны бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, ескертулер жасалды. Аудан әкімі жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарын күнделікті бақылау керектігін қатаң тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<