Құрылыс жұмыстары жіті бақылауда

174

0

Фото: Қармақшы ауданы

Бүгін аудан басшысы Жандос Еркінбектің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар Жосалы кентіндегі бірқатар құрылыс нысандарын аралап, сапасына бақылау жасады.

Алдымен Т. Рысқұлов көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолы мен Жолдыбаев көшесіндегі аяқ су лотоктарын орнату жұмыстарын көрді. Нысан басында сала басшысы мен Жосалы кентінің әкіміне құрылыс жұмыстарының мерзімінде атқарылуын және сапалы етіліп жасалуын қадағалауды тапсырды.

Одан кейін, биыл аймақ басшысының қолдауымен салынып жатқан «Руханият» орталығының құрылыс барысын көрді.

Қармақшы ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<