«Құжатымызды тартып алып, тегін жұмысқа жекті»: Бірнеше қазақстандық Ресейде құлдықтан қашып шыққандарын мәлімдеді

107

0

Фото: Видеодан скриншот

Ресейде құлдықтан қашып шықтық деген бірнеше қазақстандық ел билігінен көмек сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өзге елде соққыға жығылдық деген отандастарымыз ақшасыз, құжатсыз Қазақстанға қайта алмай жүргендерін айтып, желіде жазба қалдырған.

«Қалтамызда көк тиынымыз жоқ. Құжатымызды тартып алды. Таза құлдық болды. Енді қайта алмай отырмыз , – деді олар.

Сөздерінше, үш жігіт Ресейдің Железногорск қаласына жұмыс істеуге барған. Бірақ бір миллион теңгеге дейін жалақы деген жарнама жалған болып шыққанын айтады. Оларды тегін жұмысқа жегіп, ешқайда шығармады деп күйінеді.

Құлдықтан қашып шықтық деген жерлестеріміз Мәскеуде жасырынып жүргенін айтты. Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қазақстан азаматтары елге аман-есен оралғанын мәлімдеді. Қазір жағдай реттелген, алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<