Қуандық Бишімбаевтың әкесі алғаш рет келіні туралы шындықты айтты (видео)

537

0

Фото: oinet.kz

Өз әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен күдікке алынған Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев алғаш рет көлемді сұхбат берді. Сұхбат барысында ол келіні туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол ресейлік психолог Наталья Грейске берген сұхбатында мәлімдеді.

«Егер Қуандық екеуің бірге тату-тәтті тұра алмасаңдар ажырасыңдар дедім. Ылғи төркініме кетемін дейсің. Онда мен сені Павлодарға апарып тастаймын дедім. Сонда Салтанат маған: «жоқ кетпеймін. Мен ақымақ емеспін. Себебі менің мұнда пәтерім бар. Мені асырап отырған күйеуім бар. Рестораным бар» деп жауап берді. Сонда мен оның жауабына таң қалдым. «Отбасылық бақыт деген қайда? Отбасылық бақыт әйел адамға байланысты. Әйел адам күйеуінің табысын ұқсату керек. Берекенің бәрі әйелге байланысты» дедім, – деп жауап берді Уәлихан Бишімбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<