Алматыдағы караоке-барда жаппай төбелеске қатысып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған белгілі актер Асқар Жұмабек қамаудан босатылды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Өнер иесі досына араша түсемін деп түрмеге түскен болатын.
«Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім! Мен орталарыңызға қайта оралдым!», – деп жазды актер.
Желі қолданушылары кино жұлдызының аман-есен босап шыққанына құттықтау-тілек жазып жатыр.
«Енді тентек болма», «Аман-есен оралдың, енді киноға түс», «Қуанғанымнан жылап алдым», «Әділетсіздіктің құрбаны болып кеткен едің», «Достарыңның арқасында босап шықты», – деп жазды көпшілік.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<