Қуанса, бала қуансын

6

0

3 желтоқсан -Халықаралық мүгедектер күні. Қоғамымыздағы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғауға бағытталған маңызды күні «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Шиелі ауданындағы «Тең қоғам» орталығына барып, балалардың шығармашылығын, белсенділігін арттыруға бағытталған жұмыстармен танысты.

Орталық қызметкерлерінің ұсыныс – пікірлерін тыңдап, «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы  аясында ерекше қолдауды қажет ететін азаматтар үшін  кедергісіз орта құру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізді.

Ерекше балаларымызға мейірім мен төзім сыйлап отырған ата-аналар мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, білім алушы бүлдіршіндерге партия атынан мерекеге орай сыйлықтар табыстады.

«Сіздер – балаларыңыздың алғашқы әрі ең сенімді ұстазысыздар. Үй жағдайында оқыту оңай шаруа емес екенін білеміз. Сол себепті Сіздердің еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Мұндағы әр бала – қайталанбас тұлға. Олардың жетістігі – біздің ортақ жеңісіміз. Бірлескен жұмысымыз жемісті болсын, балаларымыздың жолы ашық, дендері сау, көңілдері шат болсын»,- деді Жандос Базартай.

Атап өтейік, іс-шара барысында партияның облыстық филиалының төрағасы cондай-ақ,  өзі өмірдің қиыншылығына тап болса да мойымай, өзгелерге үлгі болып, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрген, осындағы әрбір баланың сапалы білім алуы, өмірге деген құлшынысы мен әлеуетін ашу бағытында еңбек етіп отырған орталық директоры Асылбек Смаиловқа құрмет көрсетті.