Қуанса, балалар қуансын!

484

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен Тасбөгет кентіндегі №2 облыстық балаларды оңалту орталығында қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Айтулы күнде “Қоғамдық келісім” КММ директорының орынбасары Фархат Әбдібағдатұлы құттықтау сөз сөйлеп, балаларға ізгі тілегін білдірді. Бөбектерге қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау әрқашан үлкендердің назарында болуы тиіс екендігін атап өтті.

Іс-шара аясында эстафеталық спорттық сайыс, мерекелік концерт ұйымдастырылып, белсенді қатысқан бүлдіршіндерге мекеме тарапынан арнайы алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<