Қуанса, балалар қуансын…

199

0

Фото: өңірлік коммуникациялар қызметі

Жалағаш ауданында балаларға арналған «Ботақан» ойын-сауық орталығы ашылды. Балаларға арналған орталық ауданның кәсіпкерлік саласына жаңа леп әкелді десек те болады.

Бұл бастамаға аудан тұрғындары да дән риза. Кәсіп иесі Еркебұлан Каипов бұл ғимараттың құрылысын 2022 жылы бастаған. 2 жыл ішінде бой көтерген орталық заманауи үлгіде жасақталған. Техникалық қызметкерлер, аниматорлар, даяшылар және тағы басқа қызметтерге 15 адам жұмыспен қамтылған. Жоғары сапалы жабдықтармен жасақталған ойын-сауық орталығы балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Ата-ана үшін баланың қуанышты жүзін көру үлкен бақыт. Бұл орталықта ойын алаңдарының түр-түрі қарастырылған және отбасымен тамақтануға да жағдай жасалған.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<