Қай саланың болмасын өз қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Сол саланың кәсіби шебері болу әр адамның мамандығына деген адалдықтан басталуы заңдылық. Ал жаздың шіліңгір ыстығы мен қыстың қатты аязында қолайсыз жағдайлардың бел ортасында жүретін кәріз су жүйесі қызметкерлерінің жұмысы кәсібилікті талап ететін мамандықтардың бірі.
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында орталық кәріз су жүйесінде қызмет етіп жүрген қарапайым еңбек адамдары БАҚ өкілдеріне өз жұмыстарын баяндап берді.
– Қызылорда су жүйесі кәріз су аумағында 15 жылдан аса еңбек етіп келемін. Осы уақыт аралығында 20 авариялық жағдаймен бетпе-бет келіп, қауіптің алдын алдық. Бұл жағдайлар көбіне кәріз су құбырларының тозуынан болып жатады. Біз ақау болған аумақта аз уақыт ішінде қалпына келтіреміз. Біздің мекемеде жалпы саны 8 қызметкер бар. Олар өздеріне бекітілген аумақ бойынша жұмыс істейді. Өзім туралы айтатын болсам, менің 2 балам бар. Күнделікті істеп жүрген жұмысымызға қанағаттанамыз. Осы адал еңбектің арқасында отбасымызды ешкімнен кем қылмай асырап келеміз. Қала тұрғындары біздің жұмысымызды бағалап, өз алғыстарын жеткізіп жатады. Осы жылы сөздерінің арқасында саламызға деген құрметіміз артады, – деді «Қызылорда су жүйесі»МКК Орталық кәріз су жүйелерін пайдалану аумағының шебері Қуаныш Байділдаев.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<