Қылмыстық іс бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласты

443

0

Сурет ашық дереккөзден

Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 1-бөлігінде көзделген сотталушы Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Т. дүкен алдында автокөлігінің жанында тұрған кезінде сол жерге жаяу келе жатқан танысы И.-ды көріп қалып, оған «Алқаш неге ішіп жүрсің?» деген кезде И.-дың жанында келе жатқан іс бойынша жәбірленуші Б. сотталушы Т.-ға «маған айтып тұрсын ба?» деп болмашыны желеу етіп, екеуі ерегісіп қалған.

Содан, Т. сол жерде тұрған автокөлігінің артқы жүк салғышынан автокөлік дөңгелегін босататын кілтті қолына алып, Б.-ның басының самай тұсынан және қаша берген кезінде жауырынынан ұрған.

Тағайындалған 16.08.2023 жылғы №3274 сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша Б. «сол жақ самай тұсында, сол жақ жауырында орналасқан» жеңіл дене жарақттарын алғаны бекітілген.

Осылайша, Т. бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысымен сотталушы Т. жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Қызылорда қаласының №2 соты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<