Қырғызстан Газадағы геноцидті тоқтатуға шақырды

351

0

Фото: КАБАР

Қырғызстан АҚШ пен халықаралық ұйымдарды Газадағы геноцидті тоқтатуға үндеді. Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эдиль Байсалов ІІМ құрылғанына 80 жыл толуына байланысты ашылған фото көрмеде айтты , деп хабарлайды Синьхуа.

Оның айтуынша, әлем елдері алты ай бойы Газа халқының жосықсыз қырылып жатқанын тамашалап келеді.

«13 мың бала өлді. БҰҰ – ның 165 қызметкері қаза тапты. 95 журналист ажал құшты. Көпшілігі мақсатта түрде өлтірілді. Мұның бәрі құжатқа жазылды. 2024 жылы тікелей эфир арқылы геноцидті көріп келеміз. Эфирден біз екі млн палестиналықтардың аштықтан қиналғанын әрі әлемнің ешбір әрекетсіздігін тамашалап отырмыз» — деді Э.Байсалов.

Ол Қырғызстан терроризмді айыптайтынына ерекше тоқталды. Қазан айында Израилдың бейбіт тұрғындарға жасаған шабуылын да айыптағанын тілге тиек етті.

«Израиль халқының өзін қорғаудағы құқығын мойындаймыз. Алайда еврей үкіметі халықаралық немесе БҰҰ құқығынан өзін жоғары қоюға хақысы жоқ. Қырғызстан халықаралық ұйымдарды оның ішінде Израильдің бас демеушісі АҚШ-ты бұл ессіздік пен геноцидті тоқтатуға үндейді» — деді қырғыз шенеунігі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<