Қырғызстан халқының саны шамамен 7,3 млн адамды құрады

256

0

Фото: Kabar

Қырғыз Республикасының тұрақты тұрғындарының саны 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 91,7 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсіп, 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 7 млн 254 мың адамды құрады, делінген Ұлттық статистикалық комитеттің материалында. Бұл туралы Қырғызстанның  Кабар ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осылайша, Халықтың және азаматтық хал актілерін тіркеу департаментінің мәліметінше, 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында АХАТ органдарында 107,9 мың жаңа туған нәресте немесе 1000 тұрғынға шаққанда 20,0 (2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 20,5) және 24,2 мың қайтыс болған адам немесе 1000 тұрғынға шаққанда 4,5 (2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 4,4) адам тіркелген. Нәтижесінде халықтың табиғи өсімі 83,7 мың адамды немесе 1000 тұрғынға 15,5 (2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 16,1) құрады.

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында халық санының табиғи өсімінің ең жоғары деңгейі Баткен, Ош және Жалал-Абад облыстарында, ең төмен көрсеткіші Бішкек пен Ыстықкөл облысында тіркелген.

Осыған дейін Қырғызстан түркі тілдес халықтар кітапханасын құруды ұсынғаны туралы жаздық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<