Қырғызстан астансы Бішкек қаласында бұрын-соңды болмаған заманауи киіз үй тәріздес стадион салынады.
Қырғызстан Президенті администрациясының хабарлауынша, ел астанасында 45 мың адам сыятын стадионның құрылысы басталған.
Арена ұлттық нақыштармен әрленіп, жаңаша үлгіде киіз үйге ұқсас болады.
Қазіргі мәліметке сүйенсек, барлық талаптарға сай болатын заманауи стадионның құрылысымен шетелдік мамандар айналысып жатқан көрінеді. Стадионның іші қазіргі озық технологиялармен безендіріліп, спортшыларға керекті жабдықтармен толқытай қамтылмақ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<