Қырғызстанда жер сілкінісі болды

941

0

Сурет: ашық дереккөзден

2023 жылғы 24 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 05:40-та Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 439 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.2. Магнитудасы – MPV 4.0. Эпицентр координаттары – 40,47°, солтүстікке қарай – 73,08°. Тереңдігі – 5 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», – делінген ведомствоның кезекші операторы таратқан хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<