Қырғызстандағы селде қаза тапқан 4 баланың денесі елге жеткізіледі

538

0

Фото: Қырғызстан ТЖМ

Қырғызстандағы селде қаза тапқан 4 баланың денесі елге жеткізіледі, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, сел тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен тағы 2 бала – Қазақстан азаматының денесі табылған. 

Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделдетілген режимде құжаттар ресімделіп, қажетті рәсімдер жүргізіліп жатыр. 

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп жатыр.

Жақын арада Қазақстан Төтенше жайдайлар министрлігінің ұшағымен қаза тапқан барлық 4 баланың денесі елге жеткізілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<