Қырғызстандықтар жанармайдың әр литріне салық төлейтін болады

274

0

Фото: pixabay.com

Қырғызстанда сатылған жанар-жағармайдың әр литрі үшін алым алынбақ. Жогорку Кенеш тиісті заң жобасын екінші және үшінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazinform-ның меншікті тілшісі.

Анықтап айтқанда мұнай өнімдерін есепке алу мен сақтаудың автоматтандырылған жүйесін пайдалана отырып, жанар-жағармай құю станцияларында бөлшек саудада өткізу кезінде жанар-жағармайдың әрбір литріне алым алынады. Алым алу тәртібін Қырғызстанның министрлер кабинеті белгілейді.

Жанармай сатудан түскен қаражат республикалық бюджетке жіберіледі. Кейін ол Жол қорына жинақталмақ. 2023 жылы Қырғызстандағы Жол қорының бюджеті шамамен 4,5 миллиард сомды құраған. 2025 жылы жаңа төлем енгізілсе бұл 5 миллиард сом жетпек.

Бұған дейін Бішкек ел астанасына басқа қалалардан келетін көліктердің кіруі үшін және жеке мобильді құрал-жабдықтарды пайдаланғаны үшін алым алуды және шетелдіктер үшін туристік салық енгізуді жоспарлап отырғанын хабарланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<