Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

503

0

Қазақстанның бұрынғы мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ол «Ембімұнайгаз» АҚ тәуелсіз директоры болып тағайындалды.

«ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма шешімімен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар Кеңесінің Мүшесі – Тәуелсіз директор болып сайланды», – делінген компания хабарламасында.

Айта кетейік, Қырымбек Көшербаев 2019 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметін атқарды. Ол бұл қызметтен 5 қаңтарда босатылған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<