«Қыс-2024» республикалық штабтық оқу-жаттығуы басталды

317

0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Қыс-2024» республикалық штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Жаттығудың республикалық штабы Көкшетау қаласында орналасқан.

Оқу-жаттығу осы жылдың 21-22 қарашасы аралығында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жоюға дайындығын, қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайға ден қою әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі.

Командалық-штабтық жаттығулар, авариялық құтқару қызметтерінің және азаматтық қорғау құрылымдарының практикалық іс-қимылдары пысықталады. Саптық қарауға азаматтық қорғау, авариялық-құтқару құтқару қызметтерінен 49 техника, 119 қызметкер қатысады. Оқу-жаттығу барысында электр сиреналары іске қосылып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<