Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында алауы тұтанған IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ресми ашылу салтанатының «Мемлекеттер шеруі» кезінде Қазақстанның туын Кристина Шумекова мен Ерасыл Шыңғысхан ұстап шықты.
18 жастағы Шумекова – конькимен жүгіру спортынан ҚР спорт шебері, ел біріншілігінің жеңімпазы, 2023 жылғы Әлем кубогының күміс жүлдегері. Ал, 17-дегі екінші ту ұстаушы Ерасыл Шыңғысхан – шорт-тректен спорт шеберіне кандидат, Қазақстан Республикасының чемпионы, сондай-ақ «Азия балалары» 2023 халықаралық жарысының күміс жүлдегері.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Мемлекеттер шеруі» кезінде Қазақстанның байрағын петропавлдық конькимен жүгіру спортының өкілі Кристина Шумекова мен оралдық шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан ұстап шығатыны туралы жазған болатынбыз.
Естеріңізге сала кетейік, спорттық доданың салтанатты ашылу рәсімі Каннын қаласындағы «Gangneuung Oval» спорт кешенінде өтіп жатыр. Сондай-ақ, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты басталғанын жазған болатынбыз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<