Қытай Еуропаның алты еліне визасыз режим енгізеді

404

0

Фото: pexels.com

Қытай билігі Еуропаның алты елінің азаматтары үшін біржақты визасыз режим енгізбек. Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И 14-ші Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының екінші сессиясы аясында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«14 наурыздан бастап Қытай Швейцария, Ирландия, Венгрия, Аустрия, Бельгия және Люксембургке сынақтық визасыз режим енгізеді», – деді Ван И.

Оның айтуынша, Қытай қытайлық және шетелдік қызметкерлер алмасуды жеңілдету, оның ішінде төлем қызметтерінің санын көбейту бойынша бастамалар көтеруді жалғастырады.

Бұған дейін Қытай билігі 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Еуроодаққа мүше бес мемлекет: Испания, Италия, Нидерланд, Франция және Германия азаматтары үшін біржақты визасыз режим енгізген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<