Қытай халқы Күз ортасы мерекесін атап өтуде

265

0

Фото: ҚазАқпарат

Қытай тұрғындары жұма күні елдегі ең маңызды отбасылық дәстүрлердің бірі – Күз ортасы мерекесін (Чжунцюцзе) тойлайды. Ол Ай күнтізбесі бойынша сегізінші айдың 15-ші күнінде аталып өтеді. Биыл мереке 29 қыркүйекке тұспа-тұс келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Чжунцюцзе – негізгі ауылшаруашылық жұмыстары аяқталып, күзгі егін жинау науқаны қорытындыланатын дәстүрлі мереке.

Бұл күні толған Ай – жылдың ең жарық және ең жарқын Айы саналады, ол сондай-ақ күздің ортасы фестивалінің символы. Толған ай отбасылық байлықты, жақсы тұрмысты және отбасымен қайта қосылуды білдіреді. Бұл күні адамдар әртүрлі салмасы бар дөңгелек пішінді зімбір печенье «юебин» («ай пірәндіктері») әзірлеп, бір-біріне сыйлайды. Дәстүрлі тағамға айналған бұл тәттілер барлық жерде сатылады.

Қытайда күздің ортасы фестивалі мен Қытай Халық Республикасының құрылған күніне (1 қазан) орай демалыс күндеріне байланысты туристер ағынының артуы болжанып отыр. Көші-қон істері жөніндегі мемлекеттік басқарманың мәліметінше, елде орташа есеппен күн сайынғы 1,58 млн жолаушы тасымалданады. Бұл – жылдағы көрсеткіштен үш есе көп.

Чжунцюцзе және ҚХР құрылған күніне орай мерекелік «алтын» апта 29 қыркүйек пен 6 қазан аралығында жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<