Қытай мен Аргентина арасында алғашқы тікелей әуе рейсі ашылды

18

0

Фото: Freepik.com

Қытай мен Аргентина арасындағы алғашқы тікелей әуе бағыты ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Синьхуа.

Бейсенбі күні түстен кейін China Eastern Airlines әуе компаниясының MU745 рейсі Буэнос-Айрестегі Эсейса халықаралық әуежайына келіп қонды. 

Ұшақ Шанхай Пудун әуежайынан Бейжің уақыты бойынша сағат 2:19–да ұшып шығып, Жаңа Зеландияның Окленд қаласында екі сағаттық техникалық аялдама жасап, шамамен 25 сағат 30 минуттан кейін Аргентина астанасына жетті. 

20 мың шақырымнан астам қашықтықты қамтитын бұл бағыт әлемдегі ең ұзақ тікелей рейс болды.

China Eastern Airlines аптасына екі рейс орындайды: Шанхайдан дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшып, ал сейсенбі және жұма күндері Буэнос-Айрестен кері рейстер орындайды.

Бұған дейін Германия үкіметі депутаттар үшін бизнес-класс рейстеріне қойылған шектеулерді жеңілдеткенін жаздық.