Қытай-Қазақстан ауыл шаруашылығы ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

5

0

Фото: Ауыл шаруашылығы басқармасы

Бүгін Дунфан қаласында «Бір белдеу-бір жол» бастамасы аясындағы халықаралық ауыл шаруашылығы конференциясы өтті.

Аталған конференция Қытай мен Қазақстан арасындағы агроөнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге, озық тәжірибе алмасуға, инвестициялық мүмкіндіктерді таныстыруға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталды. Іс-шара барысында ауыл шаруашылығын жаңғырту, аграрлық технологиялар, өнім өңдеу бағыттары бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, конференция аясында Хайнань халықаралық экономикалық даму бюросы, Хайнань-Хэйлунцзян сауда-өнеркәсіп палатасы, Дунфан жүгері өнеркәсібі қауымдастығы, Баян уезінің ауыл шаруашылығын дамыту компаниясы арасында ынтымақтастық жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойылды.

Аталған келісімдер Қытай-Қазақстан агроөнеркәсіптік серіктестігін тереңдетуге, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында өзара тиімді жобаларды ілгерілетуге оң серпін беретін болады.